Грузия прокуратурасы Саакашвилиге жаңа айып тақты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның бас прокуратурасы экс-президент Михаил Саакашвилиге және экс-премьер Вано Мерабишвилиге жаңа айып тақты, деп хабарлады «Новости-Грузия» агенттігі.

Михаил Саакашвили және Вано Мерабишвили қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін жауапкершілікке тартылды, делінген хабарламада. Онда 2005 жылы Грузия парламентінің сол кездегі депутаты Валерий Гелашвилиді ұру туралы факті көрсетілген.

Осыған дейін Грузияның Әділет министрі Т.Цулукиани Саакашвилиге халықаралық іздеу жариялануы мүмкін екенін айтқан болатын.