Грузия СІМ басшысы Панджикидзе мен орынбасарлары отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Панджаникидзе мен оның орынбасарлары отставкаға кетті. Бұл туралы ол сәрсенбі күні Тбилисиде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

СІМ басшысы өзімен бірге орынбасарлары Давид Залкалиани, Тамар Беручашвили, Леван Гургенидзе және Давид Джалагания да қызметтерінен кететіндерін жеткізді. Министр сондай-ақ елдегі жетекші «Грузиялық арман» коалициясының қатарынан шығатынын жария етті, деп хабарлады ТАСС.