Грузия Сыртқы істер министрлігі ресейлік оқу-жаттығуға алаңдаулы

АСТАНА. 31 наурыз. ҚазАқпарат - Грузия Сыртқы істер министрлігі ресейлік қарулы күштердің Қара теңіз аумағындағы оқу-жаттығуына алаңдаулы, деп хабарлайды ВВС Орыс қызметі.

Аталған жаттығуларға жеті мыңға жуық әскери, 30 кеме, 250-ге тарта бронды машина, 50-ге жуық артиллериялық қару және 20 жауынгерлік ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған.

«Ресейлік басшылықтың өкілдері оқу-жаттығудың ұзақтығы мен әскери бөлімшелердің орналасуының нақты жеріне қатысты ешбір мәлімдеме жасаған жоқ», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Грузиндік дипломаттардың пікірінше, бұл жаттығуларды өткізу «Сенім және қауіпсіздікті бекіту туралы» 2011 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес келмейді.