Оқиға Тбилиси-Сенаки-Леселидзе көлік торабындағы «Руис» үңгіртауында орын алған. Алдын ала мәліметке қарағанда жалынның шығуына жүк көлігіндегі ақау себеп болған көрінеді. Бұл туралы «Әзербайжан жаңалықтары» хабарлайды.
Горий аудандық өртке қарсы қызмет мамандарының айтуынша, үңгіртауда жарық көзі сөндіріліп, оқиға орнына өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жеткен. Зардап шегушілер туралы еш ақпарат түскен жоқ.