Грузияда банкке хакерлік шабуыл жасады деген күдікпен екі адам ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Тбилисиде полиция Грузиядағы банктердің бірінің компьютерлік жүйесіне қаржылық пайда табу мақсатында заңсыз араласқан деген күдікпен екі адамды ұстады, деп хабарлайды NewsGeorgia .

Фото: freepik

Тергеу мәліметінше, күдіктілер топ болып әрекет етіп, ақша жымқырудың заңсыз жоспарын алдын ала әзірлеген. Жоспарын жүзеге асыру нәтижесінде олар банкке 374 715 лари, яғни шамамен 144 мың доллар көлемінде шығын келтірген.

Грузия Ішкі істер министрлігі банктің атауын және күдіктілердің оның компьютерлік жүйесіне нақты қандай жолмен қол жеткізгенін хабарлаған жоқ.

Екі күдікті де сот шешімі негізінде ұсталды.

Қылмыстық іс Грузия Қылмыстық кодексінің 286-бабы бойынша тергеліп жатыр. Бұл бап қаржылық пайда табу мақсатында адамдар тобының компьютерлік жүйенің жұмысына заңсыз араласуын қарастырады. Мұндай қылмыс үшін 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Бұған дейін АҚШ-тағы сумен жабдықтау жүйелеріне хакерлік шабуылдар жасалғанын хабарлаған едік.