Бұл туралы Рanorama.am хабарлады. Сұхбат барысында саясаткерлердің пікірлері келіспей қалған. Алдымен олар дауыс көтере сөйлесе бастады, кейін су құйылған стақандарды лақтырып, бір-бірін сабай жөнелді. Бағдарлама жүргізушісі оларды ажыратуға тырысқанымен, онысынан түк шықпай, нәтижесінде эфирді тоқтатуға мәжбүр болды.
Грузияда парламенттік сайлау 8 қазанға белгіленген.