Бүгін сұрақ-жауап алғаннан кейін прокуратура өкілі мәлімдегендей, іс В.Мерабишвилидің қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты екі оқиғаға байланысты болып отыр.
Олардың біріншісі, оның Грузияның премьер-министрі болып тұрған кезде 2012 жылғы Парламент сайлауында Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Зураб Чиаберашвилимен бірлесіп, мыңнан астам БҰҚ белсенділерін заңсыз түрде жұмысқа алған, Қозғалыс белсенділері тек партияға үгіттеумен айналысқан және сол үшін мемлекеттік бюджеттен жұмыссыздарға төленуі тиіс 5,2 миллион лари алған.
Екінші оқиға, В.Мерабишвилидің Квариати ауылындағы «Халықаралық инвестициялық компания» ЖШҚ меншігіндегі қымбат саяжайды иеленіп алуына қатысты. Тергеу В.Мерабишвилидің бұл саяжайды 2009 жылы күшпен тартып алып, 2013 жылға дейін пайдаланғанын дәлелдеді.
В.Мерабишвилимен бірге З.Чиаберашвили де ұсталды. Тағылған айыптар бойынша оларға жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.
Прокуратура, сондай-ақ, 2012 жылғы 26 мамырдағы ереуілді күшпен тарату және банкир Сандро Гиргвлианиді өлтіру жөніндегі істердің аяқталайын деп қалғанын мәлімдеді. Бұл істерге де сол кезде елдің Ішкі істер министрі болған Вано Мерабишвилидің кінәлілігі дәлелденген.
Прокуратура соттан бұлтартпау шарасы ретінде В.Мерабишвилиді тұтқынға алуды тағайындауды сұрайды.