Елде вакциналау қарқыны біршама артқан. Соңғы апта ішінде екпені толық салдыртқандар саны 28 723 адамға өсті.
Вакцинаның бір ғана дозасын салдыртқандарды есепке алғанда, екпе алғандардың жалпы саны 1 230 347 адамға (ересек тұрғындардың 43,3 пайызы) жетті.
Бустерлік дозаларды 31 256 адам алған. Грузияның Денсаулық сақтау министрлігі 7 желтоқсанда бустер-екпенің мерзімін алты айдан үш және бес айға дейін қысқартқан.
[17:06, 12.12.2021] 7 707 129 6990: Осылайша, 12 желтоқсандағы жағдай бойынша, Грузияда жалпы алғанда 2 308 497 екпе салынды. Соның ішінде COVID-19 вирусына қарсы 6 817 екпе кеше, сенбі күні салынды.
Грузияда коронавирусқа қарсы вакциналау 15 наурызда басталып, 5 шілдеде жалпылама сипатқа ие болды.
Қазіргі кезде Грузияда қауіпті вирусқа қарсы вакцинаны 12 жастан асқан азамат салдырта алады.