Қамауға алу бас прокурор Арчила Кбилашвилидің көз алдында Әділет министрі Теи Цулукианидің бұйрығымен орындалды. Сондай-ақ Грузия ҚК 4-інші бригадасының бастығы Зураб Шаматава да тұтқындалды.
Оларды ұстау өкілеттікті асыра пайдалану бойынша Грузия Қылмыстық кодексінің 332-бабына сәйкес жүзеге асырылды.
Онымен қоса, бүгін түнде осындай айыптаулар бойынша бұрынғы ішкі істер министрі Бачо Ахалаяның қолына кісен тағылды. Тұтқындау оның Грузия ішкі істер министрі болған кездегі кезеңімен байланысты.
Грузия Президенті Михаил Саакашвилидің досы Бачо Ахалая Вано Мерабишвили премьер болып тағайындалғаннан кейін, нақты айтқанда, ағымдағы жылдың жазында Грузия Ішкі істер министрлігін басшылыққа алды.
Б. Ахалая «түрмеден шыққан» дау-дамайға қатысты президенттік сайлауға бірнеше күн қалғанда өз еркімен отставкаға кеткен болатын. Ол отставкасын сотталғандарға жәбір көрсеткендердің арасында өзі Жазалауды орындау жөніндегі департаментті басқарған кезде жұмысқа қабылдаған адамдар болғаны үшін өзінің моральдық жауапкершілігін сезініп отырғандығымен түсіндірді.
Ұсталғандарға ресми айыптар 48 сағаттың ішінде тағылуы тиіс.
Айта кетейік, билікке «Грузия арманы» коалициясы келе сала, жаңа Қорғаныс министрі Иракли Аласания ведомствода 113 млн. АҚШ доллары мақсатсыз жұмсалғандығы туралы мәлімдеген болатын.