Грузияда қар жауды

АСТАНА.  Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат -  Грузиянң     бірқатар  аудандарында  соңғы 30 жылда     алғаш   жауған    қар       елдің біраз өңірін жарықсыз   қалдырды,

деп   хабарлайды «Вести»  телеарнасы.

Қалың  қар   Ресеймен шекаралас Қазбек,  Ахмет,   Ниноцминд,  Цалк  және  Ахалкалак аудандарына,   сондай-ақ  елдің     батысы мен   солтүстік-батысындағы тағы бірқатар  ауданға жауды.

Табиғаттың  тосын мінезінен    Қазбек ауданы   қатты  зардап шекті,  онда   кейбір елді мекендерде  қардың  қалыңдығы  70-80 см жетті. Қалың жауған қар  асулардағы   жолдарда    автокөлік  қозғалыстарын  тоқтатып     тастады.   Электр    желілері     зақымданып,  10 мыңнан  астам тұрғын жарықсыз қалды.

Ал  Солтүстік Осетия  өкіметінен бүгін  хабарлағандай, Транскавказ    магистралінде    қар көшкіні  салдарынан    бірнеше көлік      қар құрсауында  қалып  отыр.       Қазір оқиға орнына қар тазалағыш    техника     бара    жатыр.