"Өкінішке орай, адамдар опат болды. Бұл үлкен қасірет. Қаза тапқандардың отбасылары мен туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамын. Грузия үкіметінің 15 маусым күнін қаралы күн деп жариялау туралы өкімі шықты», - деді Гарибашвили.
Қазіргі сәтте 12 адамның ажал құшқаны мәлім, ондаған отбасылар үйсіз-күйсіз қалды, деп хабарлады Интерфакс.
Осыған дейін хабарлағанымыздай , бірнеше сағат толастамаған нөсер жауын Грузия астанасы Тбилиси қаласының бірнеше аудандарын су басуға әкеп соқты. Аулаларды, бірінші қабаттарды, жерасты өткелдерін, жүздеген үйлердің жер төлелерін су басты.