Грузияда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты
Елде қауіпті індетке шалдыққандардың жалпы саны 201 368 болды.
Соңғы 24 сағатта 17 029 тест жасалған. Оның 8,9 мыңы - экспресс, қалғаны - ПТР тест.
Жаңадан ауру жұқтырғандарың 43 пайызы немесе 1282-сі - Тбилиси тұрғындары.
Өткен тәулікте 31 сырқат коронавирустан көз жұмған. Жалпы, аурудан қайтыс болғандардың саны 1 953 адамға жетті.
2001 адам коронавирустан жазылды, ал ел бойынша індеттен жазылғандар саны 169 мыңнан асты.
Қазіргі таңда елде 30 мыңнан астам адам COVID-19 дертімен ауырып жатыр. Оның ішінде 6 758 адам - ауруханада, 21 102 науқас - үйінде, қалған 2 247 адам - арнайы жабдықталған ковид қонақ үйде емделіп жатыр.
Оның ішінде 1 130 сырқаттың жағдайы нашар. 430 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Грузияда 471 азамат карантинде болса, 47 764 адам өзін-өзі оқшаулаған.