Акцияны қоғамдық және саяси ұйымдар өкілдері санатынан құралған комитет ұйымдастырды. Акцияның қатысушылары мәлім еткендей, М. Саакашвилидің президенттік мерзімі 2013 жылдың 20 қаңтарында аяқталады. Өткен шақырылымның парламенті қабылдаған Конституциядағы қосымша өзгертулерге сәйкес, президенттік сайлауды өткізу уақыты 2013 жылдың қазан айына белгіленді.
Акция ұйымдастырушылары мәлім еткендей, егерде Грузия президенті халықтың талабын ескермей, елемей, назарға алмайтын болса олар радикалды шараларды қабылдауға дейін барады. Олардың сөзіне қарағанда, халық грузин астанасының ортасында президенттік сарайдың алдында пикет ұйымдастыруға дейін барады.
Ультиматумға 50-ге жуық үкіметтік емес және саяси ұйымдар, оның ішінде Грузияның жасылдар қозғалысы, «Ынтымақтастық және әділет» құқық қорғау ұйымы, «Тетреби» және басқа да партиялар қол қойды.