Грузияда мемлекеттік университеттерде тегін жоғары білім енгізіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе елдің мемлекеттік университеттерінде студенттер үшін жоғары білім тегін болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Грузияның Бірінші арнасы .

Фото: Study Abroad

Ол сондай-ақ студенттердің ынтасын және білім беру процесіне қатысуын арттыруға бағытталған тетіктер енгізіліп жатқанын мәлімдеді.

Үкімет басшысы атап өткендей, егер студент семестр ішінде екі пәннен емтихан тапсыра алмаса, бұл оқу процесіне жеткіліксіз қатысуын көрсетеді. Мұндай жағдайда үшінші семестрден бастап мемлекеттік қаржыландыру көлемі қысқарады.

Кобахидзенің айтуынша, бұл шараның жалғыз мақсаты — студенттерді оқуда жауапкершілікті арттыруға және жоғары академиялық үлгерім көрсеткіштерін сақтауға шақыру. Бұл ретте ол Грузия тарихында алғаш рет мемлекеттік университеттерде оқу студенттер үшін толығымен тегін болатынын атап өтті.

Осыған дейін Грузия шетелдік студенттерге арналған ережелерді күшейткенін жаздық.