«Сервис орталықтың менеджері мен серіктестік төрағасы осы үйде тұратын отбасылармен байланысты. 7-8 адам үйінді астында қалып қоюы мүмкін. Үйінде қалып қойған әйел бар. Тұрғындардың бір бөлігі балалар, олар мектепте болған шығар, тағы бір бөлігі жұмыста», - деді Лела Сурманидзе.
Бүгін, 8 қазанда Батумиде тұрғын үйдің кіреберісі опырылды. Мэрияның мәліметінше, 12 пәтер қираған. Оның неден опырылғаны әзірге белгісіз.