Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Анна Микеладзе тілшілерге Грузияда барлық сайлау учаскелері уақытылы ашылғанын, дауыс беру өтіп жатқанын айтты. Оның сөздерінше, «дауыс беру процесі бейбіт жағдайда өтуде».
ОСК-нің мәліметінше, 3 703 сайлау учаскесінің 55-і шет мемлекеттерде орналасқан. Сайлаушылар саны 3,5 млн адамнан асып жығылады.
Грузия аумағындағы учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де жабылады. Бұл ретте, шетелде жүрген ел азаматтары жергілікті уақыт бойынша сағат 24:00-ге дейін дауыс бере алады. 28 қараша Грузияда демалыс күні болып жарияланған.
Айта кетейік, 28 қазанда өткен сайлаудың бірінші турында Зурабишвили - 38,64 пайыз, ал Вашадзе37,74 пайыз дауыс жинады. Конституциядағы өзгерістерге сәйкес, бұл Грузия президентін соңғы тікелей сайлау.