— 2026 жылғы қыркүйек айынан бастап Грузияда заңсыз жұмыс істеген шетел азаматтары елден шығарылады. ҚР азаматтары үшін Грузияға визасыз кіру және онда 365 күнге дейін болу режимі сақталады, — деді ҚР СІМ ресми өкілі.
Жанболат Үсеновтың айтуынша, визасыз режим елге кіруге және онда болуға құқық беретінін, алайда еңбек қызметін жүзеге асыруға құқық бермейтінін ескеру қажет.
— Тиісті рұқсатсыз ақылы еңбек ету әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Шетел азаматы елден шығарылған жағдайда оған Грузия аумағына қайта кіруге 2 жылдан 5 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін. Осыған байланысты Грузияда жұмысқа орналасуды, кәсіпкерлік қызметпен немесе өзге де ақылы қызметпен айналысуды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына Грузия заңнамасымен алдын ала танысуға қатаң кеңес беріледі, — деді Жанболат Үсенов.
Айта кетелік Грузияда шетел азаматтарының бірыңғай тізілімі іске қосылатыны туралы жазған едік.