Спикердің сөзіне қарағанда, бірнеше резонансты іс күтілуде. «Өкінішке қарай, «қылмыскерлер» сөзі метафора не болмаса саяси символ емес, ол жағдайдың нақты сипаттамасы болды. Таяуда көптеген жағдайлар көпшілікке белгілі болып, біз зорлық-зомбылықтың, элитарлы жемқорлық пен саяси қудалаудың нақты фактілері туралы білетін боламыз деген күдігім бар», - дейді Усупашвили.
Алдын ала мәліметтер бойынша, комиссияны оның жұбайы Тинатин Хиджашели басқаратын болады. Т.Хиджашели Грузия Республикалық партиясының көшбасшыларының бірі болып табылады.
05:19, 23 Қазан 2012
Грузияда Саакашвилидің «қылмыстарын» тексеру үшін комитет құрылады
АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Грузия парламентінің жаңа басшысы Давид Усупашвили Михаил Саакашвили елді басқарған жылдары жасалған «қылмыстарды» тексеру бойынша тергеу комиссиясы құрылатындығын мәлім етті.