Грузияда шетелдік туристер үшін елге кірудің ережелері күшіне енді

Фото: batumilife

АСТАНА. KAZINFORM — Грузия 2026 жылдан бастап барлық шетелдік туристер үшін міндетті медициналық сақтандыруды енгізді. Полиcі жоқ азаматтарға айыппұл немесе елге кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды елдің Ұлттық туризм әкімшілігі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Грузия барлық шетелдік азаматтардың елге кірген кезде медициналық сақтандыруы болуын талап ететін жаңартылған саясатты енгізді. Жарамды сақтандыру полисінің болмауы енді рәсімділік болып саналмайды.

Елге сақтандырусыз кірген тұлғаларға 300 лари (шамамен 110 доллар) айыппұл салынады. Бұдан басқа, саяхатшыға елге кіруге рұқсат берілмеуі мүмкін.

Талап етілген полис шұғыл амбулаториялық көмек үшін кемінде 5 мың АҚШ долларға шұғыл амбулаториялық көмекті, және жазатайым оқиғалар, жарақаттар, кенеттен болатын аурулар және медициналық эвакуациялау үшін кемінде 30 мың АҚШ доллар төленуін қамтамасыз етуі тиіс.

Сақтандыру шекарадан өткен сәттен бастап ресімделуі және елде болу мерзімінің соңына дейін жарамды болып қалуы тиіс. Шекара қызметтері бұл құжатты әуежайларда да, құрлықтағы шекарадан өту пункттерінде де сұрай алады.

Бастапқыда заң 2024 жылдың 1 маусымында күшіне енуі тиіс еді, бірақ оны жүзеге асыру 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін кейінге қалдырылды.

Бұған дейін 2025 жылғы 1 қазаннан бастап Грузияда шетел азаматтарының елде болу мерзімін бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін және көші-қон үдерістерін қатаң бақылауды көздейтін жаңартылған ережелер күшіне енгенін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ Грузияның туризмнен түскен табысы 6,6 пайызға өсіп, 1,66 млрд долларға жеткенін жаздық.