«Балалар, үлкен рақмет! Барлығымыздың күш салуымызбен қажетті қаражат жиналды, енді Сергей Трофимовты іздеуге арнайы топты жібере аламыз. Топ жұмысы туралы кейінірек хабардар етіп отырамыз», - деп жазды Сергейдің досы Әнуар Дүйсенбинов өзінің Facebook парақшасына.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде ең алғаш Ә.Дүйсенбинов дабыл қақты. Онда 23 шілдеден бері Сергеймен байланыса алмай отырғанын айтты. Әнуардың айтуынша, 6 шілде күні Қазақстан мен Ресейге автокөлікпен саяхат жасап жүрген Сергей Грузияға барған және шамамен 13 шілдеге дейін Тбилисиде болған. Байланыс үзілгенше Сергей Грузиядағы Боржоми, Кутаиси, Сванетии, Местия және Ушгулиде болған.
17 тамыз күні Әнуар Дүйсенбинов биліктен күдер үзгенін, жеке іздеушілерді жалдауға қаражат жинауды бастағанын хабарлады.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, С.Трофимов туралы жаңа ақпараттар келіп түскен жоқ.