Татами төрінде 53 елден келген 424 спортшы қатысады деп жоспарланған. Беделді бәсеке 20-22 наурыз күндері өткізіледі.
Оған Қазақстан ерлер құрамасы толық құраммен қатысады.
Қазақстан құрамасы
60 келі: Мағжан Шамшадин, Талғат Орынбасар
66 келі: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келі: Аңсарбек Ғайнуллин, Әнуар Жұмагелдин
81 келі: Асқар Нарқұлов, Мәди Амангелді
90 келі: Барақ Арқабай
100 келі: Бақжан Байтас, Бейбіт Мәдиев
100 келіден жоғары: Еламан Ерғалиев.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы дзюдодан Польшадағы Еуропа кубогын 5 медальмен аяқтады.
Айта кетсек, бұдан бұрын 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына Қазақстанның үш спортшысы көтерілді. Финалда Тоқтар Умуталиев Сұңғат Нұрлатұлын жеңсе, бұл салмақта қола жүлде үшін белдесуде Асылхан Зинуллин польшалық спортшы Ксаверий Игнасякты қапы қалдырды.
Ел құрамасы қоржынына тағы екі қоланы Камила Берліқаш (78 келі) пен Айбол Нысанәлі (90 келі) салды.