Оқиға орнынан қауіпсіз жерге көшірілгендердің ішінде Қазақстан, Украина және Беларусь елдерінің алысқа қатынайтын көлік жүргізушілері болған. Олардың бәріне гуманитарлық көмек көрсетілді, жеке гигиеналық заттар мен азық-түлік таратылды. «Қазіргі уақытта шетелдік жүргізушілер «Жоғарғы Ларс» шекаралық-өткізу пунктінің бағытында тікұшақпен эвакуацияланды. Сол жерден олар өздерінің жүк көліктерімен шекарадан өтіп, Ресей аумағына қарай өз жолдарын жалғастырады», - делінген хабарламада. Грузияның ІІМ ТЖ департаментінің қызметкерлері оқиға орнында 24 сағаттық режімде іздеу-құтқару шараларын жүргізуде. «Интерпрессньюс» агенттігінің хабарлауынша, табиғи апат салдарынан кемінде бес адам жоғалған деп саналады.
08:00, 19 Мамыр 2014
Грузиядағы көшкін өткен жерден қазақстандықтар эвакуацияланды
АСТАНА.ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Грузияның Дарьял шатқалында көшкін жүріп, апатты жерден 200-ге жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды Грузияның ІІМ-нің мәліметтеріне сүйенген «Грузия жаңалықтары» агенттігі.