Елдегі ең ірі оппозициялық партия «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» 32,32% дауыс жинап отыр. Үшінші орында – 6,87% дауыс жинаған экс-премьер-министр Георгий Гахарияның «Грузия үшін» партиясы.
Муниципалды сайлаудың басты оқиғасы «Грузи арманы» билеуші партиясы сайлаушылардың 43% дауысын жинай алу-алмауында болып отыр. Бұл Шарль Мишель келісіміне сәйкес, елде мерзімінен бұрын парламент сайлауын өткізудің шарты. Билік партиясы сайлаудан үш ай бұрын келісімнен біржақты шыққанына қарамастан, оппозиция оларды референдум деп атауда.