Грузиядағы парламент сайлауының алдын ала қорытындысы белгілі болды
04:47, 09 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузиядағы парламенттік сайлау барысында алғашқы 11,43 пайыз дауыстың есебі бойынша, 53,42 пайыз дауыс жинаған билік партиясы «Грузин арманы» алда келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Бұл ретте өзге партиялардың 5 пайыздық кедергіден өте алмай қалғандығы айта кету керек. Енді олар парламентке өтпейді. «Патриоттар альянсы» алғашқы мәліметтер бойынша 4,46 пайыз дауыс жинады. «Пааата Бурчуладзе»-Еркін демократтар»-3,21, «Нина Бурджанадзе»-Демократиялық қозғалыс» - 2,96 пайыз дауыс жинады.
Билік партиясының жеңіске жететінін алдын ала сауалнама нәтижелері де көрсеткен болатын.
Парламент сайлауына дауыс беру кеше, сенбі күні аяқталды. 150 орынды алып отырған парламент депутаттары 4 жылға сайланады.
Парламенттегі орындарға партиялық тізім бойынша, 19 партия мен 6 сайлау блоктары таласты.