Бұл ретте өзге партиялардың 5 пайыздық кедергіден өте алмай қалғандығы айта кету керек. Енді олар парламентке өтпейді. «Патриоттар альянсы» алғашқы мәліметтер бойынша 4,46 пайыз дауыс жинады. «Пааата Бурчуладзе»-Еркін демократтар»-3,21, «Нина Бурджанадзе»-Демократиялық қозғалыс» - 2,96 пайыз дауыс жинады.
Билік партиясының жеңіске жететінін алдын ала сауалнама нәтижелері де көрсеткен болатын.
Парламент сайлауына дауыс беру кеше, сенбі күні аяқталды. 150 орынды алып отырған парламент депутаттары 4 жылға сайланады.
Парламенттегі орындарға партиялық тізім бойынша, 19 партия мен 6 сайлау блоктары таласты.