Грузиядағы үйлену тойында 180 адам тамақтан уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузиядағы Марнеули ауданы Садахло ауылындағы үйлену тойында 180-нен астам адам уланды, зардап шеккендер арасында балалар да бар, деп хабарлады Газета.ру.

Алдын ала мәліметтер бойынша, жаппай уланудың себебі - тағам немесе сусын болуы мүмкін.

Зардап шеккендер жергілікті ауруханаға жеткізілді, арасында балалар да бар. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалады.

Уланғандардың кейбіреуін Тбилисидегі ауруханаға жеткізгені туралы да ақпарат бар. ІІМ улану фактісі бойынша тергеуді бастады.