ТБИЛИСИ. KAZINFORM — Грузия президенті Саломе Зурабишвили 46 жастағы Ираклий Кобахидзені елдің премьер-министрі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Грузия президентінің баспасөз қызметі хабарлады.
Айта кетейік, грузин парламентшілері премьер-министр Ираклий Кобахидзе басқаратын үкімет құрамына сенім білдіретін қарарды, сондай-ақ үкіметтік бағдарламаны мақұлдады.
Кобахидзенің Грузия премьер-министрі қызметіне сенім білдіруді 84 депутат қолдаса, 10 депутат қарсы болды.
Сондай-ақ Премьер-Министрмен бірге оның кабинетінің құрамы жасақталды.
Грузияның Сыртқы істер министрі болып Илья Дарчиашивли, Қаржы министрі болып Лаша Хуцишвили, Әділет министрі болып Рати Брегадзе, Ішкі істер министрі болып Вахтанг Гомелаури тағайындалды.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы