Мальтада өткен додада М.Мамадашвили Mzeo («Күн») әнін орындады.
14-інші жыл сайынғы байқауға 17 елден 9-14 жас аралығындағы балалар қатысты.
Екінші орынға Армениядан келген Анаит Адамян мен Мэри Варданян орналасты. Үшінші жүлде италиялық Фиамма Боччаға бұйырды.
Бұған дейін Грузия «Еуровидение-2016» балалар байқауында екі рет жеңіс тұғырынан көрінген болатын.