Өкпені жасанды желдету аппараттарының 10 жиынтығын қамтитын гуманитарлық жүк Тбилисиден Алматыға жетті. Оны «Грузияның индустриялық тобы» директорлар кеңесінің төрағасы Давид Бежуашвили жіберген.
Енді аппараттар Нұр-Сұлтан қаласының медициналық мекемелері арасында таратылатын болады.
«Қазақстан СІМ достас Грузия халқына, «Грузия индустриялық тобының» басшысы Давид Бежуашвилиге коронавирус пандемиясымен күресте көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдіреді», - делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратында.