Грузияның жаңа премьер-министрі келесі аптада бекітіледі

АСТАНА. KAZINFORM –  Грузия парламенті жаңа премьер-министр мен үкіметті келесі аптада бекітеді, деп жазады Trend.az.

Фото: trend.az

Бұл туралы Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвили мәлім етті.

– Грузия парламенттік республика болғаннан бері алғаш рет премьер-министр лауазымына кандидатты парламент ұсынатын болады, бұл еуропалық демократиялық елдерге тән,- деді Шалва Папуашвили.

Бір күн бұрын премьер-министр Ираклий Гарибашвили биліктегі «Грузин арманы» партиясын сайлау алдындағы кезеңде басқару ұсынысына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді.