Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Марина Давиташвили хабарлады, деп жазады ИТАР-ТАСС. Қоштасу рәсімі үшін экс-президенттің мүрдесі 11 шілде күні қала орталығындағы кафедралдық соборға жеткізіледі. Естеріңізге сала кетейік, 7 шілде күні Грузияның бұрынғы басшысы Эдуард Шеварднадзе 86 жасында Тбилисиде қайтыс болды.
03:22, 09 Шілде 2014
Грузияның бұрынғы президенті 13 шілде күні жерленеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузияның бұрынғы президенті әрі КСРО СІМ бұрынғы басшысы Эдуард Шеварднадзені жерлеу рәсімі жексенбі, 13 шілде күні өтеді. Ол Тбилисидегі өз үйінің ауласында жұбайы Нанули Цагарейшвилидің қабірінің қасына жерленбек.