Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, сапар шеңберінде Г. Вашадзе ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен келіссөздер өткізетін болады. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Қазақстан мен Грузияның Сыртқы істер министрліктерінің арасындағы ынтымақтастық жөніндегі хаттамаға қол қойылады деп жоспарланып отыр.
«Сондай-ақ келіссөздер барысында сауда-экономикалық және көлік-транзиттік, ауыл шаруашылығы, туризм салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелер талқыланатын болады.
Сондай-ақ күн тәртібінде тұрған бірқатар халықаралық мәселелер, оның ішінде ЕҚЫҰ шеңберіндегі ықпалдастыққа қатысты маңызды мәселелер бойынша пікір алмасылады», деді ресми өкіл.