АСТАНА. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат - Кеше Швейцарияда Гштаад АТР сериясы турнирінің алғашқы айналымында қазақстандық қос теннисшісінің жолдары түйісті.
Тартысты өткен ойын барысында Юрий Щукин Андрей Голубевті 6:7 (4:7), 6:2, 3:6 есебімен ұтты. Бұл ақпаратты ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі таратып отыр.
Енді АТР рейтингісінде 147-ші орында тұрақтаған Ю.Щукин екінші айналымда португалдық Фредерико Жилмен бақ сынасады.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.