«GSM Қазақстан/Kcell» компаниясы Қазақстанның 16 қаласында арнайы акция өткізді

АЛМАТЫ. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек - Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өту шарасы аясында «GSM Қазақстан/Kcell» компаниясы Қазақстанның 16 қаласында арнайы акция өткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Компания тарапынан Семейде «Естелік. 1945 жылдың мамыры» тележобасы қолдау тапса, Павлодарда балалардың әдеби, сурет конкурсы, Қарағанды мен Астана, Атырауда тегін смс хабарлама жіберу шарасы өткізілген. Компания өкілі Аида Досаеваның айтуынша, акциялар әлі де жалғасуда. Мысалы қазіргі кезде барлық ардагерлер компанияның бөлімшелерінен 1 мың бірлік тегін алуына болады.