13:42, 16 Сәуір 2009
GSM Қазақстан/Kcell компаниясы өз брендін жаңартты
АЛМАТЫ. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - GSM Қазақстан/Kcell компаниясы Kcell корпоративті брендінің көрнекі бейнесін жаңартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Kcell жаңартылған брендінің айналымға шығуы біздің компанияның тарихындағы жаңа тарауды ? Қазақстандағы қызметіміздің екінші онжылдығын ашады. Брендтің жетілдірілген, жаңартылған бейнесі және оның символы біздің заманауи қызметімізді, Қазақстандағы ең жаңа мобильді технологияларды енгізудегі бастамашы ролімізді, сондай-ақ біздің жергілікті тамырларымызды және Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерін сыйлауымызды көрсетеді. Kcell компаниясының жаңа логотипі ? бұл қанық күлгін түсті тас. Күлгін түс күш береді, жігерлендіреді. Ол біздің сауда белгімізді болашаққа жетелейтін жігер мен қозғалысқа бейімділікті бейнелейді» - деді GSM Қазақстан/Kcell компаниясының бас атқарушы директоры Вейсел Арал. «GSM Қазақстан» компаниясы 1998 жылы құрылып, 1999 жылдың ақпан айынан бастап Kcell сауда белгісімен өз қызметін бастады. Ал қыркүйекте Activ карталық бренді іске қосылды. Бүгінгі таңда абоненттер саны 7,5 миллионнан асқан бұл компания Қазақстанның ұялы байланыс нарығында EDGE, GPRS, WAP секілді жаңа технологиялардың пайда болуына себепкер болды. Компания акциясының 51 пайызы әлемдегі байланыс операторлары арасында үздік жетілікке кіретін TeliaSonera компаниялар тобының үлесінде. Оның Қазақстандағы құрылтайшысы ? «Қазақтелеком» АҚ. Бұл компания он жылдың ішінде ел экономикасына 1,2 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Сондай-ақ мемлекет бюджетіне салықтар мен төлемдер ретінде 1 миллиард долларға жуық қаржы аударды. Қазіргі таңда онда 1,5 мыңға жуық адам жұмыс жасайды.