Енді компания абоненттері үшін микроблог сервисінде қатынасу үшін Интернетке шығудың қажеті жоқ.
Сервисті енгізбес бұрын GSM Қазақстан/Kcell компаниясы әлеуметтік желілердің қатысушылары арасында сауалнама жүргізген болатын, оның барысында Twitter пайдаланушыларына арналған қысқа хабарламалар сервисіне деген қажеттік анықталды. Абоненттердің талаптарына сай болу ниетімен компания осы сервисті енгізді. «Біз осы жаңалықтың достарымен және туыстарымен қатынасу үшін, сондай-ақ таныстықтар өрісін кеңейту үшін әлеуметтік желілерді қарқынды пайдаланатын абоненттердің көңілдерінен шығатынына сенімдіміз. GSM Қазақстан/Kcell әрдайым өз абоненттеріне олардың күткендерінен шығатын, кейде тіпті олардан асып түсетін сервистерді ұсынуға талпынады», - деп атап өтті GSM Қазақстан/Kcell компаниясының корпоративтік коммуникациялар департаментінің директоры Аида Досаева.
Twitter СМС-сервисін қостыру үшін Kcell немесе Activ абоненті 4040 нөміріне «START» деген сөзі бар қысқа хабарлама жолдап, ары қарай нұсқаулықтарға жүгінуі қажет. Осылайша пайдаланушылар Twitter-ге СМС арқылы хат жолдау, өзіне бағытталған хабарламаларды алу, сондай-ақ таңдалған достардан хабарлама алу мүмкіндігін алады. СМС-сервисті Twitter профилінде де, СМС арқылы да реттеуге болады. Толығырақ нұсқаулық GSM Қазақстан компаниясының www.kcell.kz және www.activ.kz веб-сайттарында келтірілген.