деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
Енді GSM Қазақстан/Kcell желілері ішіндегі сөйлесу минутының жоғары құны ҚҚС қоса есептегенде 20 теңгені құрайды. Компанияның аталмыш әрекеті бірнеше жылдардан бері GSM Қазақстан/Kcell жүргізіп келе жатқан тарифтерді кезең - кезеңмен төмендету стратегиясы аясында жалғасуда. «Біздің компанияның мақсаты - абоненттерге орасан пайда әкеле отырып, Қазақстанның барлық тұрғындарының ұялы байланысқа қолжетімділігін қамтамасыз ету. Біздің бұл қадамымыз қазақстандықтардың ұялы байланысқа жұмсайтын шығынын айтарлықтай азайтады және алдағы уақытта еліміздің телекоммуникация нарығында бәсекелестіктің дамуына жол ашады деп сенеміз», - деді GSM Қазақстан/Kcell компаниясының бас атқарушы директоры Вейсел Арал.
Бұған дейін де компания өз абоненттерінің ұялы байланыс шығындарын азайту бағытында жасалған қадамдарын хабарлаған болатын. Атап айтқанда, компания ақпанда барлық тарифтік жоспарларға қосылу ақысын алып тастады, наурызда секундтық тарифтеу енгізді, ұялы интернет бағасын 35 есеге төмендетті. Осыған қарамастан компания Қазақстан Республикасының әрбір тұрғыны үшін ұялы байланысқа қолжетімділікті мұнан да арттыру үшін жаңа бағалық ұсыныстар әзірлеуді жалғастыруға дайын.