International Business Times басылымы Барселонадағы Помпеу Фабра университетінің экономика профессоры Хосе Гарсия Монтальвоның есебіне сүйене отырып, GTA VI ойынының шығуына байланысты жұмыстан жаппай қалу АҚШ экономикасына 1 миллиард долларға жуық шығын келтіруі мүмкін екенін жазды.
Монтальвоның есебінше, АҚШ-тағы 18-30 жас аралығындағы шамамен 1,5 миллион қызметкер бір күн жұмысқа шықпайды. Олардың орташа жылдық табысы 70 мың долларға жуық, ал бұл еңбек өнімділігінің қысқа мерзімде шамамен 2 пайыз төмендеуіне әкеледі.
Бұл жағдай бұрын да болған. 2013 жылы GTA 5 ойыны жарыққа шыққан күні Лос-Анджелес пен Нью-Йорк сияқты қалаларда 18-35 жас аралығындағы қызметкерлердің 6 пайызына жуығы жұмыстан демалыс алғаны туралы деректер бар.
Rockstar Games компаниясы 2022 жылғы ақпанда Grand Theft Auto VI ойынын әзірлеп жатқанын жариялағаннан бері, әйгілі криминалдық экшн сериясының жанкүйерлері жаңа бөлімнің шығуын асыға күтті.
Ойынға алдын ала 79,99 долларға тапсырыс беруге болады.
Бұған дейін құмар ойындарға тәуелділік қалай емделетінін жазған едік.