Alinea Analytics зерттеуіне сәйкес, сатылған ойындардың 75,7%-ы PlayStation 5 платформасына тиесілі. Ал Xbox Series X|S құрылғыларына арналған нұсқасы шамамен 13 млн дана сатылған. Бұл — жалпы сатылымның 24,3%-ы.
Сарапшылар ойыншылардың белсенділігін де зерттеген. Олардың дерегінше, 7 млн-ға жуық адам GTA VI ойынын 50 сағаттан астам уақыт ойнаған. Ал шамамен 250 мың ойыншының ойынға жұмсаған уақыты 100 сағаттан асқан.
GTA VI сатылым бойынша қалай рекорд орнатты
Grand Theft Auto сериясының жаңа бөлімі 2026 жылғы 19 қарашада PlayStation 5 және Xbox Series X|S платформаларына шықты.
Бұған дейін ойынның баспагері Take-Two Interactive алғашқы тәуліктегі әлемдік сатылымнан түскен табыс $3,79 млрд болғанын ресми түрде хабарлаған еді. Компания бұл көрсеткішті ойын-сауық индустриясы тарихындағы ең ірі релиз деп атады.
Салыстыру үшін, Grand Theft Auto V ойыны 2013 жылы алғашқы тәулікте $800 млн-нан астам табыс әкелген. Ал $1 млрд межесіне үш күнде жеткен.
GTA VI ойынының бас кейіпкерлері — Люсия Каминос пен Джейсон Дюваль. Оқиға АҚШ-тың ойдан шығарылған Леонида штатында, соның ішінде Майами қаласының негізінде жасалған Вайс-Сити шаһарында өрбиді.
Ойын серияның кейінгі 13 жылдағы алғашқы жаңа негізгі бөлімі саналады. Бұған дейінгі GTA V 2013 жылғы қыркүйекте жарық көрген.
Еске салайық, бұған дейін GTA VI ойыны шыққан күні Англияда 35 мың оқушы сабаққа бармағанын хабарлағанбыз.
Ал Иордания GTA 6 ойынына тыйым салмақ.