Онда VII қысқы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясының президенті Анатөлі Құлназаров сөз сөйледі және қытай журналистерінің сауалдарына жауап берді.
А. Құлназаров мәлім еткендей, ағымдағы жылдың қараша айында спорттық марафон басталады, Гуанчжоудағы XVI жазғы Азиялық ойындарды өткізуден басталатын марафон 2011 жылы қаңтардың 30-ында республиканың Астана мен Алматы қалаларында VII қысқы Азиада ойындары басталатын Қазақстанға ойысады.
«Гуанчжоу олимпиадасындағы жеңістердің олимпиадалық рухы Қазақстанға ауысады», - дейді VII қысқы Азиада ойындарын ұйымдастыру комитетінің Атқарушы дирекциясының президенті.
Баспасөз мәслихатында журналистер мен қонақтарға сондай-ақ VII Азиада ойындары туралы бейнебаяндар көрсетілді.