Гуанчжоуда Волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді

АТЫ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы XVI Азия ойындарында волейболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы бүгін екінші жеңісіне қол жеткізді.

Нелли Щербакова жаттықтыратын қазақстандықтар тайпейліктерді 3:1 (25-19, 17-25, 25-19, 25-1) есебімен ұтты. Кеше олар Мальдивыдан келген әріптестерін де 3:0 (25-7; 25-6; 25-3) есебімен ойсырата жеңген болатын. Алғашқы кезеңді "В" тобында өткізіп жатқан Қазақстан құрамасының келесі ойындарын Солтүстік Корея, Үндістан және Жапониямен өткізеді. Бұған дейін кореялықтар үндістандықтардан - 3:0, ал жапондықтар тайпейліктерден 3:2 есебімен басым түскен болатын.