Гуанчжоуда XVI жазғы Азиада ойындары басталды

БЕЙЖІҢ. 13 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Жұма күні Қытайдың оңтүстігінде, Гуанчжоуда XVI жазғы Азиада ойындарының ашылу салтанаты болды.

Ашылу салтанатында ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері Вэнь Цзябао қатысты. Ол XVI жазғы Азиада ойындарын ашық деп жариялады.

«Азияның ең мықты спортшылары 16 күн бойы бас жүлде үшін күресіп, өз шеберліктерін көрсететін және Азия елдерінің елшілері ретінде қатысатын оқиғаға тағы бір мәрте күә болып отырмыз», - деп атап өтті Қытай премьері.

Азия Олимпиада Кеңесінің президенті шейх Ахмед аль-Фахд ас-Сабах Гуанчжоу қаласы алты жылғы дайындықтан кейін бізге өз еңбегінің жемісі мен XVI жазғы Азиада ойындары арқылы жұмсаған күш-жігерінің жетістіктерін көрсетпекші деп атап өтті.

Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, Азиада ойындарының ашылу салтанатына 57 млн. АҚШ долларына жуық қаражат жұмсалған.

Гуанчжоу қаласында 12-27 қараша аралығында Азияның 45 елінен келген споршылар қатысатын жазғы Азия ойындары өтеді. Спорттың 42 түрі бойынша 476 алтын медаль бәйгеге түседі.