Қорытындысында Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге үш күміс және жеті қола медаль бар. Жүлделік есеп бойынша Қазақстан екі сатыға жоғарлап, 8-орынға шықты. Жалпыкомандалық бейресми есепте Қытай құрамасы алда келеді, олардың еншісінде 70 жүлде, оның 40-ы алтын. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея мен Жапония елдері тұр.
12:12, 15 Қараша 2010
Гуанчжоудағы XVI Азия ойындарында жерлесіміз О. Довгун оқ ату сайысы бойынша күміс медальды иеленді
БЕЙЖІҢ-ГУАНЧЖОУ. 15 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Гуанчжоуда өтіп жатқан XVI Азия ойындарында оқ ату сайысындағы дара санатта қазақстандық мерген Ольга Довгун бүгін күміс алқаны қанжығасына байлады.