Гуандун провинциясында өрт құрбандарының саны тоғызға жетті - ҚХР

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік қытайлық Гуандун провинциясында жексенбіде тұтанған жалыннан құрбандар саны тоғызға жетті. Бұл туралы жергілікті билік мәлім етті, деп жазады Синьхуа.

Өрт жексенбіде Дунгуань қаласы Далан кентінде жалға берілген құрылыстардың бірінде шамамен сағат 04:51-де өрт шықты. Жалын 100 шаршы метрді шарпыды. 90 өрт сөндіруші, 18 бірлік техника өртпен арпалысты. Тілсіз жау 05.25-те ауыздықталды.

Салдарынан оқиға орнында жеті адам көз жұмып, төрт адам жарақат алды, екеуі ауруханада жан тапсырды.

Өрттің шығу себептері анықталуда.