Guardian: Археологтар Камбоджа ормандарынан ежелгі қалаларды тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Археологтар Камбоджа ну ормандарынан бұған дейін белгісіз болып келген орта ғасырлық қалаларды тапты, деп хабарлады британдық Guardian газеті.

ВВС агенттігінің хабарлауынша, зерттеу нәтижелері дүйсенбі күні «Journal of Archaeological Science» журналында жарияланды.
Айта кетерлігі, Ангкор-Вата шіркеу құрылыстарында орналасқан жер асты қалалары күрделі су өткізу жүйесімен жарақталған.

Қалалар Ангкор-Ват шіркеу кешенінің айналасынан табылды. Шіркеу әлемдегі бір кездері құрылған ірі діни құрылыстардың бірі. Ол XII ғасырдың бірінші жартысында салынған.

Құрайттарда шіркеу орналасқан аудандарда табылған қалалар желісінің жасы 900-ден 1,4 мың жылға дейін деген болжам жасалды.

Археологтар қалалар XII ғасырда Жер бетіндегі ең ірі империя болуы мүмкін деген болжам ұсынып отыр.