Гүл дүкеніндегі қоқан-лоқы: Шымкент прокуратурасы видеоға түсінік берді

Фото:
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – «Прокуратура қызметкерінің ұлы гүл дүкенінде қоқан-лоқы көрсеткен». Шымкент прокуратурасы желіде тараған видеоға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әлеуметтік желілерде және кейбір БАҚ-да Шымкенттегі «Romantic» гүл дүкенінің жұмысшыларына физикалық күш қолданамыз деп қорқытқан үш адам туралы видео тарады. Олардың бірі прокуратура қызметкерінің ұлы екені айтылды.

«Аталған адамның прокуратура органдарына ешқандай қатысы жоқ, прокуратура қызметкерлерімен туыстық қатынаста емес», - деп жауап берді Шымкент қаласының прокуратурасынан.