Гүлен ресейлік дипломаттың өлтірілуіне қатысы жоқтығын мәлімдеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-та бой тасалап жүрген түріктің оппозициялық дін уағыздаушысы Фетхуллах Гүлен Түркияда РФ елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін айыптады, деп хабарлады Рейтер агенттігі Гүленнің кеңесшісіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Түркия астанасының мэрі Мелих Гекчек Анкарада ресейлік елшіні өлтірген ер адам полиция қызметкері болғандығын және Гүлен жетекшілік ететін ҒЕТО тобының мүшесі болуы мүмкіндігін мәлім еткен еді.

Агенттіктің жазуынша, Гүлен сондай-ақ қарулы шабуылға оның ұйымының еш қатысы жоқтығын және қауіпсіздік қызметінің айыптаулары «күлкі шақыратынын» айтқан.

Ресей елшісі Андрей Карловқа қарулы шабуыл дүйсенбі күні Анкарада жасалды. РФ СІМ болған оқиғаны теракт деп бағалады. Путин елшіге жасалған шабуыл бойынша шұғыл кеңес өткізді.