Аса ауыр салмақтағы ( 76 кг) Гүлмарал Еркебаева кіші финалда Оңтүстік Корея палуаны Хван Ын Джудан мықты екенін дәлелдеді.
Бүгін кешкі сессияда тағы екі Ұлттық құрама спортшысы қола жүлдеге таласты. Алайда Марал Тәңірберген (-50 кг) мен Елена Шалыгина (-68 кг) қарсыласына есе жіберді.
Еске салсақ, кеше грек-рим күресі шеберлері Азия чемпионатын 1 алтын, 3 қоламен аяқтағаны белгілі болды.
Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті Азия чемпионатындағы айтулы жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.