Алдын ала тыңдалым кезінде, айыпталушы Г. Сатыбалды алқабилер сотына қатыспайтынын жеткізген.
Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалдыға тағылған «Ірі мөлшерде мүлік алу мақсатында бопсалау» бабы аса ауыр қылмыс саналады.
«Алғашқы сот отырысы 30 мамырда сағат 10:00-де Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық режимде өтеді», - деп хабарлады Алматы сотынан.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Сондай-ақ сот оған 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды.