Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты

Фото: Фото: видеодан алынған скрин / Khabar

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Бүгін Алматыда кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты. Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Бұл жолы оған заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және өзін-өзі басқару бойынша айып тағылып, кінәсі дәлелденді.

Фото: Еламан Тұрысбеков

Сондай-ақ, оның көмекшісі Мәди Батыршаевқа да сот үкімі шықты. Ол 9 жылға сотталды.

Бұған дейін прокурор соттағы жарыссөз кезінде Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға бас бостандығынын айыруды сұраған еді.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сондай-ақ, сот оған 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды.